Песня Песней
1 2 3 4 5 6 7 8

1

Сүлейменнің таңдаулы әні.(Қалыңдық:)Еріндерің өпсін қайта-қайта мені,Махаббатың сенің шараптан да тәтті,

2

Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,Атың шашылған иіссудай әйгілі,Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті.

3

Ала кетші мені өзіңмен бірге,Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне.(Қалыңдықтың құрбылары:)Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.(Қалыңдық:)Өзіңді ұнатқандарына осылардың,Уа, жаным, сен әбден лайықтысың!

4

Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын,Уа, қыздары Иерусалим қаласының.Қидардағы шатырлардай қара торымын,Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.(Қалыңдық:)

5

Қарамаңдаршы маған тесірейе,Бетімді күйдірді күн сәулелері.Ағаларым маған ашуланған еді,Баққызып қойды содан жүзімдіктерді,Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді.

6

Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жердеБағып жүресің өз отарыңды?Әрі сен қайда барып, түскі кездеТынықтырып аласың қойларыңды?Мен несіне қаңғырамын бет-пердеЖамылған жүгенсіздей, достарыңныңОтарлары арасынан сені іздеуге?(Құрбылары:)

7

Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің?Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда,Жайып бақ лақтарыңды өзіңніңШопан қостарының маңайында.

8

Жаным, сені ұқсатам сайгүліккеЖегілген перғауынның күймесіне.

9

Екі бетің көрікті сырғаларыңмен,Мойның да әп-әдемі алқаларыңмен!

10

Өзіңе арнап күміспен көмкерілгенАлтын сырғалар соқтырып беремін мен.(Қалыңдық:)

11

Патшам дастарқан басына жайғасты,Иісмайымның жұпары сол тұста жайылды.

12

Сүйіктім хош иісті мүр шайырындай,Кеудемде аңқып тұрған қалташықтай,

13

Ен-Геди жүзімдігінің қынагүл шоғындай.(Күйеу жігіт:)

14

Уа, жаным, керемет қой сұлулығың,Көгершіндей қос жанарың, сондай сұлусың!(Қалыңдық:)

15

Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!Көк шалғын болады төсегіміз біздің.(Күйеу жігіт:)

16

Самырсын бұтақтары шаңырағымыздай,Жұпар шыршалар уықтарымыздай.

© 2018 Дом Молитвы. Христианская Интернет Миссия.